Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ТАЗА БЕЙСЕНБІ АКЦИЯСЫ

ТАЗА БЕЙСЕНБІ АКЦИЯСЫ

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» жобасы еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды.
Бүгінде бұл шараға «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы да атсалысып, "Орталық" және "Жалынды жастар" БПҰ - нан 30 – ға жуық мүшесі Саяжай ықшам ауданын тазалауға шықты.
Аталған шараға ерікті жастар ғана емес түрлі мекеме қызметкерлері де атсалысуда. Партиялық жобаның басты мақсаты – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
«AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы жанындағы «Орталық» БПҰ төрағасы Алма Мамирова «Таза бейсенбі» партиялық жобасы жаңа экологиялық мәдениет пен азаматтардың қоршаған ортаға деген саналы көзқарасын қалыптастыруды көздейтінін атап өтсе, "Жалынды жастар" БПҰ-ның төрағасы Мақсат Төлегенұлы аудан тұрғындарын тазалық сақтауға бірлесе атсалысуға шақырды.
Расында, «Табиғат – тіршілік көзі болса, тазалық – берекенің бастауы». Болашақ ұрпаққа таза табиғат әлемін қалдырамыз десек, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын бүгіннен бастайық! Себебі, тазалық – баршаға ортақ.
19 желтоқсан 2024 ж. 326 0