» » ТАЗА БЕЙСЕНБІ АКЦИЯСЫ

ТАЗА БЕЙСЕНБІ АКЦИЯСЫ

Қазақта «Ауылына қарап азаматын таны» деген даналық сөз бар. Бұл нақыл өзіміз өмір сүріп отырған жеріміздің тазалық мәдениетіне немқұрайлы қарамау керектігін ұғындырады.
Тіпті, мемлекет басшысы да «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын қолға алып алған болатын.
Бүгін «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» акциясы аясына партияның 30 – ға жуық мүшесі Жайылма трассасын тазалауға шықты.
«AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы жанындағы «Орталық» БПҰ төрағасы Алма Мамирова «Таза бейсенбі» партиялық жобасы жаңа экологиялық мәдениет пен азаматтардың қоршаған ортаға деген саналы көзқарасын қалыптастыруды көздейтінін атап өтті.
Расында, «Табиғат – тіршілік көзі болса, тазалық – берекенің бастауы». Болашақ ұрпаққа таза табиғат әлемін қалдырамыз десек, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын бүгіннен бастайық! Себебі, тазалық – баршаға ортақ.
03 қазан 2024 ж. 216 0