№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ



Жаңақорған ауданы бойынша Партиялық бақылау комиссиясы жанындағы аумақтағы су тасқынына дайындық жұмыстарын және гидротехникалық құрылғылардың жағдайын зерделеу бойынша мониторинг тоб мүшелері Сырдария өзеніндегі су деңгейіне, су тасқынының алдын алу бағытында мониторинг жүргізді.
Мониторинг жұмысына «AMANAT»партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов және сала мамандары қатысты.

Аудан аумағынан Сырдария өзенінің 215 шақырымы өтеді. Бүгінгі күнге өзеннен 120 куб су ағып өтуде. Сонымен бірге Сырдария өзенінен 5 магистралды канал арқылы (Келінтөбе, Сумағар, Тайпакөл, Күркіреуік, Сунақата жалпы ұзындығы 177 шақырым) егістіктерге су жіберіледі. Барлық магистралды каналдар «Қызылордасушар» РМК-ның меншігінде.
Өзен бойында жалпы ұзындығы 54,94 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгеттері бар. Оның 42,44 шақырым қорғаныс бөгеті (Көктөбеде - 5,87 шақырым, Қалғансырда - 2,385 шақырым, Жаңақорған-Төменарық арасында - 33,75 шақырым) «Жаңақорғансушар өндірістік учаскесінің теңгерімінде, ал қалған 12,5 шақырым қорғаныс бөгеттері ешкімнің теңгерімінде жоқ (Байкенжеде- 3 шақырым, Қожакентте - 9 шақырым, Қауықта - 0,5 шақырым).
Зерделеу барысында барлық су қоймаларының жағдайы қанағаттанарлық, күнделікті жауапты тұлғалармен жоғарыдан түсіп жатқан су мөлшерінің ақпараты алынып, бақылау жүргізілуде екендігі анықталды.

Мониторинг топ мүшелері адам қауіпсіздігі бірінші кезектегі мәселе болғандықтан, бұл бағыттағы жұмыстар басты назарда болу қажеттігі айтылды.
Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында тиісті іс-шаралар кешені жүзеге асырылды.
Жүргізілген жұмыстар су тасқыны қаупін төмендетуге және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
12 ақпан 2026 ж. 627 0