№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » сақтана білгеннің сағы сынбайды

сақтана білгеннің сағы сынбайды



– Аудан аумағында жалпы ұзындығы 240 шақырымда Сырдария өзені өтеді. Өзен бойында жалпы ұзындығы 54,94 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгеттері бар. Оның ішінде: 42,44 шақырым қорғаныс бөгеті «Жаңақорғансушар» өндірістік учаскесінің теңгерімінде. Сырдария өзенінен бүгінгі таңда секундына 560 м/куб су өтіп жатыр. Көктөбе ауылдық округінің тұсынан 10-15 пайыз сең жүріп жатыр. Жаңақорған мен Төменарық елді мекендерінің тұсынан мұз ұстасып тұр. Қорғаныс бөгеттерінің жағдайы қанағаттанарлық. Қауіпті жерлерге кезекшілік ұйымдастылған, – дейді жауапты маман. Аудан көлемінде 5 шаруашылық канал, 7 бөгеттер бар. Өзен суы су тораптары мен магистралды каналдар арқылы реттеледі. Сырдария өзені жағасында қорғаныс бөгеттерінің жалпы ұзындығы – 42,44 шақырым, оның 34,185 шақырымы оң жағалауда, 8,255 шақырымы сол жағалауда орналасқан. Өзенде су деңгейі көтерілген кезде Көктөбе, Қалғансыр, Қауық, Төменарық ауылының күн батыс жақ бөлігінен қауіп төну ықтималдығы бар. Осы аумақтарда қырағы назарда болады. Аудан аумағында 6 су қоймасы орналасқан. Аталған аймақтарда 875 тұрғын үй мен 5662 халық тұрады. Су басу қауіпі бар учаскелерден тұрғындарды, жануарларды көшіру мақсатында, 8 эвакуациялық жинақтау, 10 эвакуациялық қабылдау пункттерінің орындары әзірленген. Су тасқынына қарсы аудандық 14 азаматтық қорғау қызметтері құрамында 180 адам мен 49 көлік жасақталған. Сонымен қатар төтенше жағдай орын алған жағдайда 9 электр дабылдары жедел түрде жұмыс жасауға дайын. Жаңақорған ауданы бойынша су алу қаупі бар елді-мекендер мен бөлімшелер тұрғындарына ең алдымен адам өмірі қымбат, сонымен қатар жеке тұлға өзінің төрт түлік малына еге болу қажеттілігін ерекше ескертіп отырмыз, – дейді бөлім басшысы Шерхан Әшімов. Иә, су тасқыны, су басу адам баласы болжап болмайтын қауіпті табиғи құбылыс. Ауа райының бұзылуы, қардың қарқынды еруі, нөсерлі жаңбыр, қума жел, мұздың кептелуі сынды келеңсіздіктер әп-сәтте орын алуы ықтимал. Осы ретте, сақтансаң сақтаймын дегенді ұлық тұтқан ұтылмайды.

                                                                                                                                      Ботакөз Бекмаханова
21 ақпан 2023 ж. 172 0