№20 (8834) 18

18 наурыз 2025 ж.

№19 (8833) 15

15 наурыз 2025 ж.

№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ



Жаңақорған ауданы бойынша Партиялық бақылау комиссиясы жанындағы аумақтағы су тасқынына дайындық жұмыстарын және гидротехникалық құрылғылардың жағдайын зерделеу бойынша мониторинг тоб мүшелері Сырдария өзеніндегі су деңгейіне, су тасқынының алдын алу бағытында мониторинг жүргізді.
Мониторинг жұмысына аудандық Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек пен сала мамандары қатысты.
Аудан аумағынан Сырдария өзенінің 215 шақырымы өтеді. Бүгінгі күнге өзеннен 230 м3/с су ағып өтуде. Сонымен бірге Сырдария өзенінен 5 магистралды канал арқылы (Келінтөбе, Сумағар, Тайпакөл, Күркіреуік, Сунақата жалпы ұзындығы 177 шақырым) егістіктерге су жіберіледі. Барлық магистралды каналдар «Қызылордасушар» РМК-ның меншігінде.
Өзен бойында жалпы ұзындығы 54,94 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгеттері бар. Оның 42,44 шақырым қорғаныс бөгеті (Көктөбеде - 5,87 шақырым, Қалғансырда - 2,385 шақырым, Жаңақорған-Төменарық арасында - 33,75 шақырым) «Жаңақорғансушар өндірістік учаскесінің теңгерімінде, ал қалған 12,5 шақырым қорғаныс бөгеттері ешкімнің теңгерімінде жоқ (Байкенжеде- 3 шақырым, Қожакентте - 9 шақырым, Қауықта - 0,5 шақырым).
Зерделеу барысында барлық су қоймаларының жағдайы қанағаттанарлық, күнделікті жауапты тұлғалармен жоғарыдан түсіп жатқан су мөлшерінің ақпараты алынып, бақылау жүргізілуде екендігі анықталды.
Мониторинг топ мүшелері адам қауіпсіздігі бірінші кезектегі мәселе болғандықтан, бұл бағыттағы жұмыстар басты назарда болу қажеттігі айтылды.
07 ақпан 2025 ж. 26 0