№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

№10 (8924) 7

07 ақпан 2026 ж.

№9 (8923) 3

03 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » ПАРТИЯ АКТИВІ АЛДЫНДА НАҚТЫ МІНДЕТТЕР ҚОЙЫЛДЫ

ПАРТИЯ АКТИВІ АЛДЫНДА НАҚТЫ МІНДЕТТЕР ҚОЙЫЛДЫ


Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай Жаңақорған ауданына жасаған жұмыс сапары барысында партия активімен кездесті.
Актив отырысында аудандық партия филиалының төрағасы Арман Мажитов, аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қалдарбек Айдарұлы, «Жалын» бастауыш партия ұйымының төрағасы Алмат Мампаев 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.
«Жаңақорған ауданы бойынша «AMANAT» партиясының 20 бастауыш ұйымына топтасқан 4034 партия мүшесі бар. Партияның құндылықтарын партиялық жобаларды іске асыру арқылы ілгерілету – партияның әрбір мүшесінің ортақ мақсаты. Бірлескен жұмыстар аясында еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейінгі қоғамның әрбір мүшесін қамтитын партиялық жобалар ауданда өз нәтижесін беріп келеді. Өткен жылы Сайлауалды бағдарлама аясында халыққа берген уәделеріміздің 90 пайыздан астамы орындалды. Бұл жұмыстарды филиалға қарасты барлық құрылымдық бөлімшелермен ағымдағы жылы да жалғастыратын боламыз»,- деді партияның аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов.
Аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қалдарбек Айдарұлы партиялық бақылау комиссиямен атқарылған жұмыстарды жеткізіп, сайлауалды бағдарлама аясында партиялық бақылауда тұрған нысандар пайдалануға беріліп, тиісті белгілер орнатылғандығын атап өтті.
«Өткен жылы ауданымызда Жаңарық ауылындағы 300 орындық «Келешек мектебі», Саяжай ықшам ауданында 600 орындық жайлы мектеп, Әбдіғаппар және Жаманбай батыр ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория, Келінтөбе ауылында спорттық кешен, Екпінді ауылында 100 орындық клуб пайдалануға берілді. Алдағы уақытта да комиссия өз құзіреті шеңберінде ел игілігіне бағытталған нысандардың сапалы, уақытылы іске қосылуына бақылау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізетін болады»,- деді Қалдарбек Айдарұлы.
Өз кезегінде партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай партия активі алдына сайлауалды уәделердің орындалуын қатаң бақылауға алу, қоғамдық қабылдау бөлмесіне тұрғындардан келіп түсетін өтініштердің оң шешілуіне ықпал ету, партиялық жобаларды жүзеге асыру барысында сайлаушылармен жүйелі әрі тиімді жұмыс жүргізу, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын күшейтіп, олардың рөлін арттыру, партия атынан ұсынылған ауыл әкімдерінің жауапкершілігін күшейтіп, сайлауалды уәделерінің орындалуына жұмыс жасау жөнінде бірқатар міндеттер жүктеді.
Партияның облыстық филиалының төрағасы Конституциялық реформаларға қатысты маңызы бар міндеттерге де тоқталып, «AMANAT» партиясы бұл бағытта ашықтыққа, тиянақты түсіндіру жұмысына, азаматтармен тікелей және адал диалог орнатуға басымдық беретіндігін және партияның барлық ресурсы осы жұмысты қамтамасыз етуге бағытталатындығын атап өтті.
Жиында соңында партияның облыстық филиалының төрағасы партия қатарына жаңадан қабылданып жатқан азаматтарға партия билеттерін табыстап, белсенділерді Алғыс хатпен марапаттады.

#AMANAT
04 ақпан 2026 ж. 73 0