№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Рухымызды арттыратын шешімдер қабылданды

Рухымызды арттыратын шешімдер қабылданды


Қызылорда қаласында өткен Ұлттық Құрылтай біздің халқымыз үшін өте маңызды, пайдалы екені кеңінен айтылды. Осы құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуына қажетті мәселелеріне жеке-жеке тоқталды.


Құрылтайда Президент «Сыр – Алаштың анасы» деген аталы сөзбен бастап, осыдан бір ғасыр бұрын Қазақстан астанасы болғанын, бұл жерде еліміздің болашағына байланысты аса маңызды шешімдер қабылданғанын айтты. Сыр елі нағыз еңбек адамдарының мекені, 100-ден астам Еңбек Ерлері шыққан киелі ордасы.
Соңғы жылдары Қызылорда облысы қазіргі заман талабына сай өсіп-өркендеп, республика бойынша көш басында келеді. Ұлттық Құрылтайда көптеген халықтың әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани дамуы жөнінде көкейде, ойда жүрген шешімдер пікірлер айтылып, талқыланып жатыр.
Бұрынғы Парламент, Сенат депутаттары «Құрылтай» деп аталуы, бір палаталы Парламент болуы, оның құрамының 145 тей мүшелерінің 8-дей комитеттен тұратыны қуанарлық ұсыныс.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың вице-президент институты қызметін енгізу ұсынысы, оны өзі бекітетіні, Конституцияға өзгерістер енгізуі сияқты көптеген бастамалары өте орынды. Президентіміз осы құрылтайда сөйлеген сөзінде:
– Біз сөзбен айтқанда Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамуда, облыс жағдайы жақсы. Бұл әкім Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді, табанды жұмысының нәтижесі, – деді.
Облыс халқы бұл берген бағаға қуануда. Расында, аймақ басшысының жұмысы Сыр өңірінің өніп-өсуіне үлкен үлесін қосуда.

Серік МҰСАБАЙ,
ардагер ұстаз
09 ақпан 2026 ж. 1 359 0