№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (8912) 23

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » «КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК»

«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК»


«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында үйден білім алатын балалардың  жай-күйін білу мақсатында “АМАНАТ” партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Мажитов Арман Әбілпеисұлы Жаңақорған кентіндегі мектеп оқушыларын жаңа жылмен құттықтады. Іс-шара барысында балалар мен олардың ата-аналарымен кездесіп, оқу жағдайы мен күнделікті қажеттіліктері туралы пікір алмасу жүргізілді.

Кездесу Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өткендіктен, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау басты назарда болды. Әрбір балаға жаңа жылдық құттықтау айтылып, тәттілер табысталды. Бұл балалардың жүзінен қуаныш пен ризашылық сезімін байқауға мүмкіндік берді. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, балалардың жарқын болашағына өз үлесін қосады деп сенеміз.
Әрбір бала - керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз-шексіздікті танып білуге ұмтылады. Балаға сеніммен қарау оны қуаттандыра түседі. Бала бойына  адамгершілік қасиет пен білім нәрін, тәрбие негізін бірлесе отырып сіңірсек қана сол бір мол жеміске жетеміз. Қазақта «Жұлдызың жоғары болсын» деген бата-тілек бар. Ендеше, ұрпағымыздың шоқ жұлдыздай жарқырап көріне беруіне тілек білдірейік.
30 желтоқсан 2025 ж. 1 838 0