№45 (8959) 16

16 маусым 2026 ж.

№44 (8958) 13

13 маусым 2026 ж.

№43 (8957) 9

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Балаларға базарлық

Балаларға базарлық

Жаңа жыл - ересектер де, балалар да асыға күтетін ерекше мереке. Жаңа жылдық ертегі балалық шақтан келеді, оны ересектер жасайды, балаларға ұмытылмас мереке беруге тырысады.«AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы да балаларды қуантудан қалыс қалған емес.   «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Арнайы» балабақшасында балаларға арналған жаңа жыл кешін өткізді.
Жаңа жылдық кешті аудандық «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Арман Мажитов пен «Арнайы» балабақшасының директоры Нәлібаева Айзат балаларға ыстық лебіздерін білдірді. «Балаларға сыйлаған мейірімдеріңіз бен қамқорлықтарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Бүлдіршіндердің шат күлкісі мен бақытты балалығы – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі- деп атап өтті филиал төрағасы Арман Мажитов.
Шара барысында бүлдіршіндер ән айтып, би биледі.
Мерекелік кеш соңына қарай жаңа жылдық тәттілер жиынтығынан құралған сыйлықтар табысталды.

#AMANAT
27 желтоқсан 2025 ж. 1 482 0