№45 (8959) 16

16 маусым 2026 ж.

№44 (8958) 13

13 маусым 2026 ж.

№43 (8957) 9

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «QAISAR» партиялық жобасы

«QAISAR» партиялық жобасы



«QAISAR» партиялық жобасы аясында жас ұрпақтың бойында патриотизмді, азаматтық жауапкершілікті және Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында 9–10 сынып оқушылары арасында «Жас сарбаз» әскери-спорттық жарысы «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты Келінтөбе топтық ұйында ұйымдастырылды.

Аталған жарыс барысында оқушылар әскери дайындық элементтері бойынша өз білімдері мен шеберліктерін көрсетіп, саптық дайындық, ептілік, жылдамдық және командалық рухты шыңдады. Шара жасөспірімдердің тәртіпке баулынуына, бірлік пен жауапкершілікті сезінуіне үлкен мүмкіндік берді.

Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақты елін, жерін сүйетін, саналы әрі отансүйгіш азамат етіп тәрбиелеуге бағытталған. «Жас сарбаз» жарысы оқушыларға жаңа серпін беріп, олардың бойындағы көшбасшылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

Отанға қызмет ету – абыройлы міндет!
22 желтоқсан 2025 ж. 101 0