№48 (8962) 27

27 маусым 2026 ж.

№47 (8961) 23

23 маусым 2026 ж.

№46 (8960) 20

20 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Заңы мықты ел – дамуы тұрақты ел.

Заңы мықты ел – дамуы тұрақты ел.


Қоғамның дамуы, елдің тыныштығы мен өркендеуі ең алдымен заңның үстемдігіне және қоғамдық тәртіптің сақталуына байланысты. Заң және тәртіп – мемлекеттің тірегі, қоғамның тұрақтылығының басты шарты, ал азаматтардың қауіпсіз өмір сүруінің кепілі.
Заң – қоғамдық қатынастарды реттейтін, әр адамның құқығы мен бостандығын қорғайтын ортақ өлшем.Заңның болуы – әділдіктің, теңдіктің және жауапкершіліктің белгісі.
Заң талаптарының орындалуы:қылмыстың алдын алады;азаматтар арасындағы дау-дамайды әділ шешуге мүмкіндік береді;мемлекеттік органдардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;қоғамда сенім мен тұрақтылық қалыптастырады.
Тәртіп – әрбір азаматтың тәртібінен басталады.Қоғамдағы тәртіптің сақталуы – полиция, прокуратура, сот органдарының жұмысына ғана емес, ең әуелі әр адамның жауапкершілігіне байланысты.Заңды құрметтеу – тек міндет емес, бұл – азаматтың мәдени деңгейін, парасаттылығын көрсететін қасиет.
Әр адам жол ережесін бұзбай, қоғамдық орындардың тазалығын сақтап, өзгелердің құқығын құрметтеп жүрсе – қоғам да, мемлекет те өркендейді.Отбасындағы тәрбие де заңға құрметтен басталады. Ұрпаққа заңды сыйлауды үйрету – болашаққа жасалған инвестиция.
Қорытынды.Қоғамда заң үстемдігі мен тәртіп сақталса – тұрақтылық, әділдік, тыныштық болады. Заңды құрметтеу – мемлекет алдындағы міндет қана емес, ол – өз болашағымызға жасаған қамқорлығымыз. Бәріміз бірлесе отырып, заңды сақтайтын, тәртіпті нығайтатын, бейбіт әрі қауіпсіз қоғам құруға атсалысайық.

                                                                                                                                        Баян Үсейінова
29 қаңтар 2026 ж. 199 0