Қоғамның құқықтық сауаттылығын қалыптастыру мен арттыру
Құқықтық мемлекет теориясы - заңның басымдығы және әлеуметтік реттекшілік жүйесіндегі ролінің арттырылуында болып табылады. Құқықтық мәдениет және құқықтық сананың дәрежесінің төмендігі халықтың құқықтық сауаттылығы тұрғысында заңның күшінің дәрежесінің жоғарылығы қағидаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етілудің басты маңызды жағдайы болып табылады. Азаматтардың заңға байланысты кез келген құқықтық қарым-қатынасы олардың іс әрекетінің, қарым-қатынас жасауының қайнары болып табылады. Құқықтық мәдениеттің басты көрсеткіші бұл заңды түсініп құқықты біліп ұғыну деген сөз. Халқымыздың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің дамытып жоғарылату азаматтардың Заңды сайлау, құрметтеу, жоғары қою, қастерлеу сезімдерін тәрбиелеуге бағытталған мәселелер Заң саласы органдарының ғана емес, бүткіл мемлекеттік органдардың, барлық қызметкерлердің стратегиялық бағдарының бірі екендігі баршамызға аян.
Құқықтық мәдениет дегеніміз бұл - қоғамның, құқықтық өмірінің сапасы, халықтың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет пен қоғамның кепіл болуы. Сонымен қатар бұл- қоғамдағы әрбір жеке тұлғаның, қоғамдық-құқықтық қатынасқа түсуші азаматтың құқықты ұғынуы, заң мен құқықтардың қорғалуын терең түсінуі. Құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы меңгеру қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың әсер ететіндігін ұғынады. Тұлға мен қоғамның рухани құндылықтары адамның құқықтық сана сезімі арқылы айқындалады, олар бұл құндылықтарды өздерінің сезімдері, көзқарастарымен танымы арқылы танытады.
Құқықтық мәдениет - нақтыланған дара мемлекеттік діни, этникалық қауымдастықтың қатысушылары белгілеген қабылдаған және олардың іс-әркеттерімен құзыреттерін реттеу үшін қолданылатын құндылықтар, құқықтық көзқарастар, наным сенімдері, сана сезімдері мен дәстүрлер қағидалары. Кез келген мемлекет аясында түрлі құқықтық мәдениеттердің болуы мүмкін, мәселен бұл жағдай көпұлтты, көпдінді қоғамдарда көрініс табады.
Біздің елімізде Қазақстан Республикасында халқымыздың, ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлік құқықтық мәдениетпен қатар басқа да ұлттардың дәстүрлік құқықтық мәдениеттері қалыптастырылған.
Әлеуметтің жалпы халықтың құқықтық мәдениетін зерделеп анықтау үшінжеке тұлғаның, оның мотивтерін мақсатымен формаларын қабылдауын назарға алу керек. Бұл тұста мағыналы рөл құқықтық сауаттылыққа мән беріледі. Құқықтық ақпараттану мен сауаттылықты жетілдіруді қамтитын негізгі қайнарының бірі болып отыр. Құқықтық сауаттандыру дың басты қағидасына халықтың құқықты түсініп құқықтық білімінің деңгейін арттыруға деген ынта жігерлілікпен қызығушылық болып табылады.
Қазіргі таңда, еліміз заманауи сапалы әлеуетке көтеріліп жоғары деңгейге шығарудағы құқықтық сауаттандыру, түсіндіру шараларына, нормативті-құқықтық шығармашылық үрдіске басым назарға алынып отыр. Құқық қорғау органдарының құзыретіне қазіргі таңда стратегиялық бағыты болып табылып отқан азаматтардың құқықтық мәдениетін дамытып, құқықтық санасының әлеуетін күшейту басты мәселелердің бірі болып табылады.
Бұл мәселе аясында құқықтық насихат жұмыстарын ауқымдандырыру, сапалық жағдайын жоғарылату іс қимылдарын жатқызамыз. Бұл орайда айта кететін жәйт, адам мен азаматтың Конституциялық және басқа да құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етіп, жадпы азаматтардың құқықтық білімдері мен құқықтық мәдени этикасын оңтайландырып құру мақсатында мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындары бұқаралық ақпарат құралдарында сөз қозғап, түрлі іс-шаралар, конференциялар, ашық сабақтар, семинар-брифингтер, дөңгелек үстелдер сияқты шараларды ұйымдастырып, Әділет министрлігіне қарасты ұйымдарымен, сонымен қатар облыстық мемлекеттік мекемелерімен тұрақты түрде өзара іс-әрекеттер жүзеге асырылуда. Қазіргі кезде барлық жалпы халық әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланушылары болып табылады, халыққа кез келген ақпарат қол жетімді, кез келген азамат нормативті құқықтық актілермен танысып ақпарат ала алады, жүзеге асырылып жатқан түрлі құқықтық сауаттандыру жұмыстарынан хабардар бола алады.
Жүзеге асырылып жатқан жаңашылдықтардың басты бағыттарының бірі құқықтық нигилизммен күрес жүргізу, құқықтық сана мен мәдениетті арттыру, халықтың арасында құқықтық түсіндіру іс-шаралары көлемін күшейту болып табылады.
Гулнар Аргинбекова,
заң ғылымдарының кандидаты, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанындағы ақпараттық-ағартушылық штабының мұшесі