Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 534

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Тәртіп сақшылары марапат мінберінде

Тәртіп сақшылары марапат мінберінде

23 маусым - Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімінің орынбасары Бақтияр Ахметов бірқатар тәртіп сақшыларын қабылдады.

- Ел тыныштығын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ішкі істер саласы қызметкерлерінің еңбегі зор. Қоғамдық тәртіптің сақшылары ауыр да жауапты міндетті абыроймен атқарып, сенім үдесінен шығып жүр. Сол себепті, бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Әрдайым биіктерден көріне беріңіздер, — деп Бақтияр Мадиярұлы бірқатар полиция қызметкерлеріне тәртіп пен тыныштықты сақтаудағы жеке үлестері үшін аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері ризашылықтарын білдіріп, құқық қорғау, қылмыстың алдын алуда аянбай еңбек ететіндіктеріне сендірді.

23 маусым 2024 ж. 799 0