Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 534

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Аустралияда 16 жасқа толмағандар енді әлеуметтік желілерге кіре алмайды

Аустралияда 16 жасқа толмағандар енді әлеуметтік желілерге кіре алмайды



Әлемде алғаш рет Аустралия билігі кәмелеттік жасқа толмаған балалардың TikTok, YouTube, Instagram және Facebook сияқты ірі әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
CNA агенттігінің мәліметінше, заң аясында ең танымал он интернет-платформаға түнгі сағат 12-ден бастап кәмелетке толмағандарға әлеуметтік желілерге кіруге қолжетімділікті бұғаттау міндеттелген. Талапты орындамаған компаниялар 49,5 миллион аустралиялық долларға (шамамен 33 млн АҚШ доллары) дейін айыппұл төлеуі мүмкін.
Заң бір жағынан технологиялық алпауыттардың және сөз еркіндігін жақтаушылардың қарсылығын тудырса, екінші жағынан ата-аналар мен бала құқықтарын қорғайтын ұйымдардың қолдауына ие болды.
Қазақстанда да 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін реттейтін заң жобасы әзірленді. Бірақ сарапшылар белгілі бір жас санатына ғана шектеу қою қиындық тудыратынын атап өтті.
12 желтоқсан 2025 ж. 605 0