«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы үшін конкурс өткізу туралы
Мемлекет басшысы Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы бойынша «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындауға арналған конкурс өткізеді.
Халықаралық сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан волонтерлер мен волонтерлер тобын, отандық және халықаралық волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге бағытталған.
Байқауға үміткерлер әлемнің түкпір-түкпірінен қатыса алады. Олүшін qazvolunteer.kz интернет - платформасында өтінім беріп, волонтерлік қызметі туралы деректерді толтыру қажет. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 1 қазан сағат 09.00-ден басталады және 2021 жылғы 20 қазан сағат 18.30-ге дейін жалғасады.
Байқау екі кезеңде өтеді:
Бірінші - qazvolunteer.kz интернет - платформасында ашық онлайн-дауыс беру, екінші-ең көп дауыс жинаған және екінші кезеңге өткен қатысушыларды Конкурстық комиссия бағалайды.
Нәтижесінде келесі номинациялардың әрқайсысы бойынша үш үміткер жеңімпаз болып танылады:
• «Үздік волонтерлік ұйым»
• «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы»
• «Коронавирустық инфекциямен күреске қатысқаны үшін»
• «Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары»
• «Үздік әлеуметтік көмекші»
• «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін»
• «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді
қатысқаны үшін»
• «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін»
• «Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін»
• «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін»
• «Білімді дәріптеуге қосқан үлесі үшін»
• «Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін»
• «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін»
• «Тарихи – мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін»
• «Зоологиялық қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін»
• «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін».
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидалары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет – ресурстарында орналастырылған.
Конкурстың толық шарттары мен келесі сілтеме бойынша танысуға болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/77386?lang=kk
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі