№45 (8959) 16

16 маусым 2026 ж.

№44 (8958) 13

13 маусым 2026 ж.

№43 (8957) 9

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Желтоқсан айында ауа райы қандай болады?

Желтоқсан айында ауа райы қандай болады?


«Қазгидромет» мәліметінше, желтоқсан айында ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын негізінен қар түрінде түседі Кей жерлерде екпінді жел, бұрқасын соғып, тұман түседі және көктайғақ болады.
Желтоқсанның бірінші онкүндігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта қар жауып, ал оңтүстік-батыста және елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі. Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты қар жаууы мүмкін. Республика бойынша бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.
Алайда онкүндіктің соңына қарай ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді:
▫️ елдің батысында түнде -5-10°С, күндіз -3-8°С;
▫️елдің солтүстік, шығыс және орталық аумақтарында түнде 10-18°С, шығыстың кей аудандарында түнде -23°С дейін, күндіз -5-13°С-қа дейін;
▫️ елдің оңтүстігінде және оңтүстік - шығысында түнде -5+2°С, күндіз +3+10°С болады.

Екінші және үшінші онкүндіктерде түнгі температуралық фон -15-20°С-тан -5-10°С-қа дейін ауытқиды.

Ал шығыста кей күндері түнде температура -25-35°С-қа, күндіз -15-20°С-қа дейін төмендеуі мүмкін. Батыста және елдің оңтүстік бөлігінде түнде ауа температурасы 0,-5°С-тан -7-12°С-қа дейін ауытқиды, ал күндіз негізінен 0,+8°С шамасында болады.
03 желтоқсан 2025 ж. 661 0