Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 6 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады,
Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман. Күндіз облыстың шығысында көктайғақ.
Астанада кей уақыттарда көктайғақ. Түнде және таңертең тұман.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.
Қостанай облысында бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі.
Алматыда түнде және таңертең тұман түседі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.
Шымкентте түнде және таңертең тұман.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жаяу-бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман.
Маңғыстау облысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, облыстың батысында екпіні 23 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың орталығында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарда тұман түседі.