Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » АУДАНДА АЛДАҒЫ ЕГІН ЕГУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША КЕҢЕЙТІЛГЕН ЖИЫН ӨТТІ

АУДАНДА АЛДАҒЫ ЕГІН ЕГУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША КЕҢЕЙТІЛГЕН ЖИЫН ӨТТІ



Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Сырдария өзеніндегі су тапшылығы және алдағы егін егу маусымына дайындық мәселелері бойынша кеңейтілген жиын өтті.

Жиынға аудан әкімі Мажит Самитов, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы директорының міндетін атқарушы Нәжмадин Шамұратов, Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясының басшысы Зейнулла Қазтоғанов, «Қызылорда крахмал-сірне зауыты» ЖШС директоры Шухрат Құрбанов, Қызылорда облысы фитосанитария РМК директоры Жанат Дүзелбаева, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының өкілі Нұржан Жаналиев және тиісті сала басшылары мен шаруа қожалықтарының төрағалары қатысты.

Күн тәртібінде өңірдегі су тапшылығының ықтимал тәуекелдері, суару жүйелерінің жай-күйі, егін егу маусымына қажетті дайындықтар және агросекторды әртараптандыру бағытындағы жұмыстар жан-жақты қаралды.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы директорының міндетін атқарушы Нәжмадин Шамұратов және Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясының басшысы Зейнулла Қазтоғанов облыс көлемінде атқарылып жатқан шараларды атап өтіп, алдағы маусымдағы негізгі міндеттерге тоқталды. Атап айтқанда, егістікті тұрақты суармалы сумен қамтамасыз ету үшін су үнемдеу технологияларын енгізу, Сырдария өзеніндегі судың биылғы болжамды тапшылығына байланысты тәуекелдерді азайту, егіс алқаптарын әртараптандыруды күшейтіп, күріш көлемін оңтайландыру, оның орнына жүгері, мақсары және басқа да су аз қажет ететін дақылдарды егуді ұлғайту, ауыл шаруашылығы техникалары мен насос қондырғыларының дайындық деңгейін арттыру, шаруаларға жеңілдетілген несие және мемлекеттік қолдау тетіктері жөнінде түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері айтылды.

Жиын барысында бірқатар шаруа қожалық өкілдері түйіткілді мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Жиынды соңында тиісті сала басшыларына алдағы егін егу маусымының табысты өтуі мен су тапшылығы жағдайында суды тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстарды үйлестіру мен бақылауды күшейту туралы нақты тапсырмалар жүктелді.
30 қараша 2025 ж. 191 0