Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Суды үнемдей: Егін жайы қалай

Суды үнемдей: Егін жайы қалай


Егіс науқаны жақындаған сайын диқандар мазасыздана бастайтыны рас. Аяқ судың мәселесі әсіресе күріш егетін егінші қауымды көбірек алаңдатады. Жыл сайын су тапшылығы маңызды мәселе мінберінен түспейтін болды. Күн тәртібінен түспей, апта басында өткен Үкімет отырысында арнайы талқыланды. Сыр елінің оңтүстік қақпасында қоныстанған Жаңақорғанның дария бойындағы ауылдары дала жұмысы басталмай тұрып, судың жайын шешіп алуды жөн көрді. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыстан арнайы сала басшылары бастаған делегат аудан диқандарымен кездесіп, жиын өткізді.
2024 жылғы Сырдария өзенінің су шаруашылығы жағдайы, егісті әртараптандыру, ротация сақтау, су үнемдеу технологияларын кеңінен пайдалану және егіншілік саласын субсидиялаудағы биылғы өзгерістерді түсіндіру тақырыбында өткен басқосуда бірнеше мәселе қозғалды. Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы төрағалық еткен жиынға облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясының басшысы Қайратбек Сәрсенбаев, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы директорының орынбасары Айдос Асанбаев, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының Су шаруашылығы жөніндегі кеңесшісі (ардагері) Жорабек Ерназаров және Қызылорда облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Қанатбек Серікбаев арнайы келді.
Мәжіліске аудан шаруашылық құрылымдары мен «Жаңақорғансушар» ӨУ-нің басшысы, ауылдық округі әкімдері де қатыстырылды. Биылғы жылы Жаңақорғанда 36026 гектарға ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда. Бүгінде Шардара су қоймасына жоғарыдан түсіп жатқан су көлемінің аз болуына байланысты өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырмалы түрде алғанда 2,0 млрд текшеметрге аз жиналған. Сәйкесінше вегетациялық кезеңде Сырдария өзені арқылы өңірімізге келетін су деңгейінің төмен болатындығы күтілуде.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, суды көп қажет ететін күріш дақылының көлемін қысқартып, облыс бойынша 78,0 мың гектарға, оның ішінде біздің ауданға 6 035 гектарға егу жоспары бекітілді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда әжептеуір аз екені көрініп тұр. Алдымен көктемгі дала жұмыстарының барысымен Талғат Тұрсынұлы таныстырды. Биылғы егіс көлемінің мөлшерін, аймақ басшысының тапсырмасын баяндады. Межені айқындап, бағыт-бағдарды, жоспарды жүйелеп алуды жөн көрді. Одан кейін қазіргі ахуалды, келіп жатқан су деңгейін, оны реттеудегі мәселелер жөнінде Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясының басшысы Қайратбек Әубәкірұлы толық мағлұмат берді. Су қоймасы өзекті тақырып, ал канал мәселесі қолға алынып, биыл да аудандағы каналдар ретке келетін болады. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, құжат саладағы қазіргі ахуалды және үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленген. Еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 20 жаңа су қоймасын салу және 15 жұмыс істеп тұрған су қоймасын реконструкциялау, сондай-ақ 14 мың шақырымнан астам ирригациялық каналдар мен гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту көзделіп отыр. Келесі кезекте, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы директорының орынбасары Айдос Асанбаев каналдардың тазалануы мен судың берілу жайын жүйеледі.

«Егістік көлеміне сәйкес жоспарлы суды мүмкіндігінше береміз. Бірақ тиісті ішкі каналдарды тазартуды негізгі күн тәртібіне қоятын боламыз. Өйткені кейбір каналдардағы қамыстардың тазаланбауынан бөлінген су дер кезінде қажет жерге жетпей жатады. Қазақта «бір түп қамыс бір құлақ суды ұстайды» деген сөз бар. Сондықтан күріштікке зиян келтірмеудің қамын бүгіннен бастаған жөн» – деді Айдос Әлібекұлы.

Шаруашылық төрағалары су мәселесінде ауданға қатысты тақырыпты талдады. Бірінші, жоңышқаға су берілсе, артынша күрішті бастыруға келген суды пайдалану сөз болды. Бұл мәселеде Талғат Дүйсебаев нақты ұсынысты күтетінін жеткізді. Яғни жоңышқа мен күрішке берілетін суды мүмкіндігінше тиімді пайдалануды жоспарлау керектігін жеткізді. Аудан басшысы жоңышқаға қанша су керек, шаруашылықтар бір мезетте, мүмкіндік болса ертерек күріш дәнін тастау бойынша жоспарды жеткізетінін айтты. Одан кейін әртараптандыру, субсидия мәселесі талқыланды. Әртараптандыру бағытында былтыр жаңақорғандықтар жақсы көрсеткіш көрсете білді. Бақша өнімдерінен сұранысты қанағаттандыра алдық. Бұл ең бірінші нарыққа үлкен әсерін тигізеді, бағаның тұрақтылығына және импорт көлемін азайтуға мүмкіндік аламыз. Субсидия мәселесі оңтайлы шешілуі орынды. Егістікке субсидия керек, өйткені мал шаруасына берілген қайтарымсыз қаржының сұрауы да жоқ, болмады. Ал егін шаруасы көзге көрініп тұр. Көтерілген үш мәселе де нәпақасын жер анадан теріп жүрген дала еңбеккерлері үшін маңызды мәселе. Қалғанын уақыттың еншісіне қалдырайық...

Әлібек Жарықбаев

03 ақпан 2024 ж. 124 0