№34 (8848) 10

10 мамыр 2025 ж.

№33 (8847) 6

06 мамыр 2025 ж.

№32 (8846) 30

30 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – АДАЛ ҚОҒАМ НЕГІЗІ!

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – АДАЛ ҚОҒАМ НЕГІЗІ!

Жаңақорған ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында үстел теннисінен аудандық турнир өтті. Спорттық шараға әр түрлі салада қызмет атқаратын 14 мемлекеттік қызметші қатысып, өзара бақ сынасты.

Турнирдің мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту.

Сайыс қорытындысымен І орынды Амангелді Мақсат (Талап ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы),
ІІ орынды Кеңес Мұхтар (Жаманбай батыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы),
ІІІ орынды Тұрапов Жасұлан (ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы) иеленді.
Жеңімпаз бен жүлдегерлер арнайы қаржылай сыйақылармен және дипломдармен марапатталды. Қатысушылар бұл шараның тек спорттық емес, сонымен қатар қоғамдық маңызды мазмұнына да ерекше мән берді.

Іс-шара Жаңақорған ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, “Қызылорда облысының жастар одақтары” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.
18 сәуір 2025 ж. 122 0