Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА


Тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мақсатында Қыраш Жайылма, Екпінді, Қожамберді ауылдық округінің тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс офицері Әлібек Жаппасбаев қатысып, сыбайлас-жемқорлыққа барудың салдары мен оның жауапкершілігін, сонымен бірге, жаңадан заңға енгізілген өзгерістер жайлы түсіндірмелер беріп, қоғамда мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға ат салысуға шақырды.
Сондай-ақ, жиында көтерілген өзекті мәселелерге жауаптар беріліп, тұрғындарға ақпараттық материалдар таратылды.
Айта кету керек, іс-шара аудан әкімдігінің қолдауымен аудандық қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасы аясында, “Жалынды жастар” қоғамдық бірлестігінің үйлестіруімен өткізілді.
28 қазан 2025 ж. 656 0