Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » бөлісіңіз: «Есірткіге қарсы – Әзіл» тақырыбында облыстық «Jaіdarman» жастар фестивалі өтті

бөлісіңіз: «Есірткіге қарсы – Әзіл» тақырыбында облыстық «Jaіdarman» жастар фестивалі өтті



Kyzylorda-news.kz Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аймақ жастары арасында нашақорлықтың алдын алу, зиянды әдеттерден алшақ болуға үндеу және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында «Есірткіге қарсы – Әзіл» атты облыстық «Jaіdarman» жастар фестивалі өтті.
Шараға жоғары оқу орындарының студенттері, колледж және мектеп оқушылары қатысып, әзіл арқылы қоғамдағы өзекті мәселеге назар аударды. Командалар үш кезең бойынша бақ сынады:
  • «Сәлемдесу»;
  • «Сұрақ-жауап»;
  • Есірткіге қарсы арнайы тақырыптық бөлім.

  • Фестиваль жастардың креативті ойлауын дамытып, әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Бағалау үдерісі арнайы құрылған әділқазылар алқасының сараптауымен жүргізілді. 
    Құрамында: ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент бастығы Асхат Абилдаев;
  • Департамент бастығының орынбасары Фархат Иманғалиев;
    • Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс және жастар бөлімінің басшысы Ернұр Бихожаев;
    • Ардагер жайдарманшы, «Қорқыт» құрамасының ойыншысы Асылхан Дүкенбаев;
    • КВН Одағы РЖҚБ Қызылорда филиалының директоры Нұрлан Сипанов бар.


    • Фестиваль қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды:

      • III орын — BRAND командасы (еркін құрама), 100 000 теңге;
      • II орын — AMG командасы (Айым өнер мектебі), 150 000 теңге;
      • Үздік ойыншылар — Бағымжан мен Әмина;I орын — «Матриархат» командасы (Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті), 200 000 теңге.

      • Жастардың әзіл арқылы салмақты мәселеге ой салған бұл шарасы тәрбиелік мәнімен ерекшеленіп, қатысушылар мен көрермендерге жағымды әсер қалдырды.
21 қараша 2025 ж. 1 605 0