Топ-баннер
Топ-баннер2

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекет басшысының Жарлығымен қабылданған ішкі саясат құжатында жастар саясатына ерекше мән берілген

Мемлекет басшысының Жарлығымен қабылданған ішкі саясат құжатында жастар саясатына ерекше мән берілген


Онда «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» секілді қағидаттардың айқындалуы – жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесіне басымдық берілгенін көрсетеді. Бұл ұстанымдар жастарды мемлекетшіл, жауапкершілігі жоғары азамат етіп қалыптастыруға негіз болады.
Құжат жастардың бастамалары мен еріктілік қозғалыстарын қолдауды көздейді. Бұл – жас буынды елдің қоғамдық өміріне белсене тартуға бағытталған нақты қадам. Мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өзара серіктестігі нығайып, азаматтық қоғамның әлеуеті арта түспек. Осы арқылы мемлекет жастардың белсенділігін жүйелі түрде қолдап, ел дамуының қозғаушы күшіне айналдыруды мақсат етеді.
Бұдан бөлек, құжатта жастардың әлеуметтік, мәдени және білім беру бастамаларын дамытуға да ерекше көңіл бөлінген. Бұл бағыт жастардың инновациялық әлеуетін арттыруға, жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік құрылымдар жастармен кері байланыс орнату тетіктерін күшейтеді. Осылайша, елдің ертеңін айқындайтын ұрпаққа нақты қолдау көрсетіліп, олардың ел дамуына қосар үлесі артады.
10 қараша 2025 ж. 1 024 0