Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢҚАЙЫ АШЫЛДЫ

ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢҚАЙЫ АШЫЛДЫ


Жаңақорған кентінде тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау бағытында игі жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Соның айқын дәлелі – А.Аюпов және Қ.Тағаев көшелерінің балғындарына жаңа ойын алаңқайы ашылды.


Заманауи талаптарға сай бой көтерген ойын алаңдары жылдан-жылға көбейіп келеді. Мұнда балалардың ойнап, ширақ қимылдап, денсаулығын нығайтуына, ата-аналардың да бірге келіп, балаларының қауіпсіз ортада ойнап күлуін тамашалап отыруына толық мүмкіндік жасалған.
Жаңа нысанда футбол алаңы, әткеншек, сырғанақ, турник, воркаут сияқты түрлі спорттық және ойын құрылғылары орнатылған. Жарықшамдары орнатылып, орындықтар қойылған, абаттандырылған. Яғни, бұл аймақ ойын алаңы ғана емес, балалар мен ата-аналардың бос уақытын бірге өткізуге арналған шағын демалыс саябағына айналып отыр.
Аудан әкімі Мажит Самитов жаңа ойын алаңының ашылу сәтіне арнайы барып, тұрғындармен және балалармен жүздесті. Шара барысында ол балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздерін көріп, олардың игілігіне арналған кез келген жобаның – қоғамның болашағына салынған инвестиция екенін атап өтті.
– Балалар – біздің болашағымыз. Сол себепті олардың өсіп-жетілуіне, денсаулығы мен дамуына қолайлы орта қалыптастыру – біздің басты міндетіміз. Бұл бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады. Тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізіледі, – деді аудан басшысы.
Өз кезегінде А.Аюпов көшесінің төрағасы Үмбет Әбибуллаев тұрғындар мен ата-аналар атынан аудан басшылығына және демеушілерге алғысын жеткізді.
– Бұл көрікті аумақ көше тұрғындары болып бас қосып, демалатын орынға айналып отыр. Көшеміз көркейіп, тұрғындардың бірлігі нығайды. Осындай қамқорлық үшін аудан басшылығына ризашылығымызды білдіреміз, – деді ол.
Жаңа ойын алаңдарының салынуы – Жаңақорған кентінде жүргізіліп жатқан кең ауқымды абаттандыру жұмыстарының бір парасы. Соңғы жылдары кент орталығында бірнеше жаңа демалыс аймағы, спорттық алаңдар және балаларға арналған инфрақұрылымдар іске қосылды. Бұл өз кезегінде салауатты өмір салтын дәріптеуге, бұқаралық спортты дамытуға және жас буынның бос уақытын тиімді ұйымдастыруға үлкен серпін беріп отыр.

Әсел Рзаева
04 қараша 2025 ж. 1 134 0