№86 (8900) 11

11 қараша 2025 ж.

№85 (8899) 8

08 қараша 2025 ж.

№84 (8898) 4

04 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАҢА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢДАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАҢА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢДАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ


Жаңақорған кентіндегі А.Аюпов және Қ.Тағаев көшелерінде жаңа балалар ойын алаңдары пайдалануға берілді.
Заманауи талаптарға сай салынған демалыс аймағында балалардың еркін ойнап, бос уақытын тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалған. Мұнда футбол алаңы, сырғанақ, әткеншек және әртүрлі спорттық құрылғылар орнатылып, көше тұрғындары үшін қолайлы және қауіпсіз орта қалыптастырылды.
Бұл бастама балалардың денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға айрықша серпін бермек.
Бүгін аудан әкімі Мажит Самитов жаңа ойын алаңына арнайы барып, балалармен және ата-аналармен жүздесті. Аудан басшысы тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы жұмыстардың жалғаса беретінін атап өтті.
Ал А.Аюпов көшесінің төрағасы Үмбет Әбибуллаев ата-аналар атынан аудан басшылығына алғысын білдірді.
31 қазан 2025 ж. 1 398 0