Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ғалымдар мидағы қан айналымын жақсартатын пайдалы шырынды анықтады

Ғалымдар мидағы қан айналымын жақсартатын пайдалы шырынды анықтады

Халықаралық ғалымдар тобы қара қарақат шырыны мидың алдыңғы бөлігіне қан ағымын арттыратынын анықтады. Бұл әсер тыныш күйде де, ақыл-ой белсенділігі кезінде де байқалған. Зерттеу нәтижелері Nutritional Neuroscience журналында жарияланды, деп хабарлайды Turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Тәжірибеге 18–35 жас аралығындағы 20 адам қатысқан. Бірінші жағдайда олар құрамында 500 миллиграмм полифенол бар Blackadder сұрпынан жасалған қара қарақат шырынын ішсе, екінші жағдайда – белсенді заты жоқ тура сондай сусын ішкен.
35 минуттан кейін зерттеушілер мидың сол жақ алдыңғы бөлігінде қанның оттекпен қанығуы артқанын және дезоксигемоглобин деңгейі төмендегенін байқаған. Бұл мидың қан және оттекпен жақсырақ қамтамасыз етілгенін көрсетеді.
Зерттеу авторы, доктор Энтони Уотсонның айтуынша, қара қарақат шырыны әсіресе назар мен шешім қабылдауға жауапты сол жақ префронталды қыртыстың белсенділігін арттырған.
Қара қарақат антоциандар сияқты полифенолдарға бай, ал бұл заттар қан тамырлары мен жүрек жұмысына оң әсер етеді. Ғалымдардың пікірінше, олар қан тамырларын кеңейтетін азот тотығының түзілуін күшейтуі немесе дофамин мен серотонин деңгейіне әсер етуі мүмкін.
19 қараша 2025 ж. 464 0