№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Артық салмақтан арылуға көмектесетін азық аталды

Артық салмақтан арылуға көмектесетін азық аталды

   Оңтүстік Корея ғалымдары зерттеу барысында қара күріштің артық салмақтан арылуға көмектесетінін және семірудің алдын алатынын анықтады. Бұл туралы Food News мақаласында айтылған, - деп жазды "Известия".
é draxe.com


  Ғалымдар тобы зерттеуді артық салмағы бар зертханалық тышқандарға жүргізді. Сараптама барысында кеміргіштерге қара күріш берілді.

  Бұл азық тіпті калориясы жоғары арнайы тағаммен асыралған кеміргіштердің өзінде бауырдағы майдың жиналу процесін тоқтатқан. Сонымен қатар, тышқандарда холестерин деңгейінің төмендегені байқалды.

  Жұмыс авторларының айтуынша, ақ күрішпен салыстырғанда қара күріште антиоксиданттардан астық тұқымдастарының түрі көбірек болады және қанты аз. Сондай-ақ, қара күріште гликемиялық индекс айтарлықтай төмен - бар болғаны 42,3, ал ақ күріште - 64.

  Басылымның мәліметінше, қара күріш ақ күрішке қарағанда айтарлықтай таза сорт болып есептеледі. Ежелгі қытайлар оны пайдалану бүйректің, асқазанның және бауырдың жұмысын жақсартады, деген. Сонымен қатар, оның жоғары бағаланғаны сондай, мәртебесі төмен адамдардың оны жеуіне немесе өсіруіне тыйым салынған. Сол үшін де қара күріш "тыйым салынған күріш" деп аталған.

19 желтоқсан 2018 ж. 892 0