Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » КРЕАТИВТІ КӨШПЕЛІ КӨРМЕ

КРЕАТИВТІ КӨШПЕЛІ КӨРМЕ


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр өңірде креативті индустрияны дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Анаға тағзым» орталығы аудандарда «Creative Caravan» облыстық көшпелі креатив көрмесін жүзеге асыруды жоспарлауда. «Creative Caravan» - көшпелі форматтағы ерекше жоба.
Мақсаты - аудан мен ауылдардағы шығармашылық әлеуетті ашу, жас таланттарды қолдау, оқыту семинарлары мен шеберлік сағаттарын өткізіу, жергілікті кәсіпкерлердің креативті өнімдері мен қызметтерін коммерцияландыруға қолдау жасап, облыстық және республикалық деңгейде танымалдылығын арттыра отырып, халықаралық нарыққа шығаруға жол ашу.
«Creative Caravan» облыстық көшпелі креатив көрмесі Жаңақорған ауданына 7 қазан күні «Руханият орталығы» ғимаратына табан тіреді. Игі шараға «Креативті HUB» мамандары, креатив кәсіпкерлер мен қолөнер шеберлері қатысып, қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.
Көрме барысында семинар мен шеберлік сабақтары өтіліп, аталған шараға ат салысқан қолөнер шеберлеріне алғыс хаттар табыс етілді.
08 қазан 2025 ж. 1 738 0