Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Мектеп – білім мен тәрбиенің алтын ұясы

Мектеп – білім мен тәрбиенің алтын ұясы


Елдің болашағы – білімді ұрпақ қолында. Жас буынға сапалы білім, саналы тәрбие беру – қоғам алдындағы ең маңызды міндет. Осы жолда “Зерек” орта мектебі талай шәкірттің арманын ұштап, болашағына жол ашып келе жатқан білім ордасы болып саналады. Бастауыштан 11-сыныпқа дейін үздіксіз білім беретін, оқушыға да, ұстазға да барлық жағдай жасалған заманауи мектеп. Мұнда әрбір баланың жүрегіне білім шырағын жағып, талантын ашуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіледі.


Бастауыш – іргелі білімнің бастауы

Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге мұнда бар жағдай жасалған. Тәжірибелі ұстаздар жас жүректерге тек әріп пен санды ғана емес, ең алдымен ізгілік пен мейірімділікті егіп, достық пен еңбектің қадірін үйретеді. Әр баланың бойындағы қабілетті ашып, «Менің қолымнан бәрі келеді» деген сенімді ұялатады.
“Зерек” мектебінің тағы бір ерекшелігі – жоғары сынып оқушыларына арналған сапалы дайындық жүйелі жүргізіледі. Ұлттық бірыңғай тестілеуге жүйелі түрде сабақтар өткізіліп, әр оқушыға жеке қолдау көрсетіледі. Биыл алғаш рет 11-сынып түлектері үлкен өмірге қадам басқалы отыр. Ұстаздар қауымы шәкірттерінің мемлекеттік грант иегері атануына барынша тер төгеді.
Оқушыларға білім берумен қатар олардың жан-жақты дамуына ерекше мән беріледі. Спорттық секциялар, өнер және шығармашылық үйірмелері жұмыс істейді. Жасөспірімдер сахнада өнер көрсетіп, түрлі жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Бұл – мектептегі жүйелі тәрбиенің нәтижесі.

Ұстаз –
алтын ұяның жүрегі

Шәкірт жүрегіне жол таба білетін, баланың арманын алға жетелейтін, білім нәрімен сусындататын мұғалімдер – мектептің мақтанышы. Олар әрқашан заман талабына сай ізденіп, жаңа технологияларды меңгеріп, шәкіртін биікке жетелеуде.
Мектеп ата-ана үшін сенімді, бала үшін мейірімге толы алтын ұя. Мұнда әрбір шәкірт өзін бағалы сезінеді. Биылғы түлектер жеңісі соның дәлелі. Ұстаз жүрегі әрқашан шәкірт үшін соғады, шәкірт жетістігі – ұстаз еңбегінің жемісі. Ал, мектеп – білім мен тәрбиенің нағыз алтын ұясы.

Мөлдір ИСЛАМҚЫЗЫ,
«ЗЕРЕК» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

04 қазан 2025 ж. 1 163 0