ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

Бүгін Жаңақорған аудандық мәслихаттағы “AMANAT” партиясы депутаттық фракция мүшесі, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Бақыт Берділлаев Ақүйік ауылындағы Саду Баелов көшесіне төселіп жатқан асфальт жолдардың құрылыс жұмыстарына партиялық бақылау жасады. Мердігер - "К-ТехСервис" ЖШС.
Қазіргі таңда жол инфрақұрылымын жақсарту-елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін маңызды бағыт. Сондықтан әрбір жұмыс сапалы, талапқа сай орындалуы тиіс.
Халықтың игілігі үшін жасалып жатқан әрбір қадам-ортақ жауапкершілік пен бірліктің нәтижесі.
Жол - экономиканың күретамыры. Сондықтан жол инфрақұрылымның сапалы болуы өте маңызды. “Жол қадірін жүрген білер” деген дана халқымыз. Қайнаған тіршілікке жан беріп жатқан жолдың қадірін жолаушыдан артық ешкім білмейді. Тегіс те сапалы жол елдің еңсесін көтеріп, халықтың көңіл-күйіне серпін береді.
#AMANAT




