Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІНДЕ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДА

ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІНДЕ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДА


Бүгін «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Мажитов Арман Әбілпеисұлы, аудандық мәслихат төрағасы Жарқынбек Ғалымжан, депутаттық фракция мүшесі Амалбеков Жасұлан және партия жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Тұрабаев Қалдарбек және Жаңақорған кентінің әкімі Бейсенбеков Жасұлан Асанұлы кент орталығында жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Қ.Жарқынбекұлы көшесінде орташа деңгейде жөндеуге 112,5 млн.теңге қаражатқа «Шиелі Жолщы» ЖШС сапалы қызмет көрсетуде. Зерделеу жұмыстары аясында Партиялық бақылау комиссиясы тарапынан барлық жұмыс барысы қадағаланатыны айтылды.
Тегіс те сапалы жолдар елдің еңсесін көтеріп, халықтың көңіл-күйіне серпін береді. Жаңақорған көшелеріне төселген жаңа асфальт – тұрғындардың көлікпен жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, балалардың мектепке, азаматтардың жұмысқа қауіпсіз жетуіне жол ашады. Жаңақорған кентінде тұрғындардың көптен күткен игілікті іс – көшелерді асфальттау жұмыстары жүйеленіп, бірқатар аумаққа жаңа жол төселді. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, тұрмыс сапасын көтеруге бағытталған нақты жоспарға мемлекет тарапынан қолдау тетіктері бар.
Жолдың сапалы болуы – көлік қозғалысының қауіпсіздігі, апаттың азаюы, көліктердің тозуының төмендеуі, ең бастысы тұрғындардың өмір сүру деңгейінің артуы. Бұған қоса, шаң-тозаңның азаюы экологияға да оң әсері бар.
17 қыркүйек 2025 ж. 234 0