Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жайлы

Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жайлы

Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 11 ақпанындағы №344-І «Өсімдіктер карантині туралы» заңы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағиданы бекіту туралы» қағидасына сәйкес
          Мемлекеттік инспекция көрсететін мемлекеттік қызметтер:
1)Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру;
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға өтінішті берген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
2) карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген өтініш көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға берілген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс сағаты ішінде.
3) тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімнің (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген өтініш көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға берілген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде.
2) Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді әкелуге келісім-хат беру;
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
2 (екі) жұмыс күні ішінде.
3) Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
10 (он) жұмыс күні ішінде.
Жаңақорған ауданынан экспорталатын карантинге жатқызылған өнімдерге фитосанитариялық  сертификат беру Жаңақорған кенті, З.Мұсаханов көшесі 101 үйде орналасқан Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясында беріледі,ТЕГІН мемлекеттік қызметтер көрсетілетінін хабарлайды. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда инспекцияның 22-1-85 сымтетігі арқылы хабарласуға болады.

                                                                 Бас маман-Өсімдіктерді қорғау және
                                                                 карантині жөніндегі
                                                                 мемлекеттік инспекторы                                                  Н.Құдайберген
04 қыркүйек 2025 ж. 26 0