Соңғы жаңалықтар

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ «Жаңақорған – 2025» жүгіру марафоны

ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ «Жаңақорған – 2025» жүгіру марафоны


«AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы, Жаңақорған аудандық прокуратурасы және Жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай «Жаңақорған – 2025» жүгіру марафоны өтті.

Бұл жарыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды нашақорлықтың зиянынан сақтандыру, интернет алаяқтыққа қарсы иммунитет қалыптастыру болды. Сонымен қатар, бірлік пен отансүйгіштіктің жарқын көрінісіне айналды.

Жарысқа қатысқан жасөспірімдер мен жастар үлкен жігер көрсетіп, өз шеберліктерін дәлелдеді.
Марапаттау сәтінде үздік шыққан 13 спортшыларға алғыс хаттар, бағалы сыйлықтар және қаржылай сертификаттар табысталды.

Жеңімпаздар:
I орын (50мың тг) – Оразбеков Данияр (Жаңақорған кенті)
II орын (30мың тг) – Елікбай Архат (Сүттіқұдық ауылы)
III орын (20мың тг) – Әбжәли Жантас (Сүттіқұдық ауылы)

Барша қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз!

Жеңімпаздар мен қатысушылар естелік суретке түсіп, мерекелік шара ерекше рухта өтті.
28 тамыз 2025 ж. 94 0