№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » «СЮЖЕТТІ-РӨЛДІК ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

«СЮЖЕТТІ-РӨЛДІК ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


Сюжетті-рөлдік ойынды ұйымдастыру жағдайлары: -сюжеттердің әртүрлілігі; - көркем әдебиет оқу, спектакльдер көру, театрға бару; -ойын тақырыптарын кеңейту, мазмұнын толықтыру; - сауатты ұйымдастырылған заттық-дамытушы орта. Ойын басқа әдістермен: бақылау, әңгімелесу, көркем әдебиет оқу, мультфильмдер көру және т.б. үйлестірілгенде жақсы нәтиже береді. Ол үшін педагогтарда жас тобына сәйкес сюжетті-рөлдік ойындардың картотекасы болуы тиіс. Сюжетті-рөлдік ойындарды ұйымдастыру үшін арнайы жабдықталған заттық-кеңістіктік ойын ортасы болуы тиіс. Бала өзінің ойындағы мақсаттарын іске асыруда өзіне жолдас таңдайды, қажетті ойыншықтарды іріктейді. Сюжеттік-бейнелеу ойындарын дамыту үшін ойындық жағдаятта бейнеге енуге көмектесетін түрлі ойыншықтар қажет. Балалар ойындарда заттарды алмастырушы құралдарды қолданады. Мысалы, таяқшаның көмегімен - «қызу өлшегіштің»- дене қызуын өлшейді. Қыз балалар үшін міндетті түрде қуыршақтардың болуы ойыншық-кейіпкерлермен әрекет барысында оларда әлеуметте қарым- қатынас жасауға алғышарт болып табылатын рөлдік сөйлеуі қалыптасады.Ұл балалар үшін конструкторлар, ойыншық машиналар, жануарлар, мысалы, ит, аю, қоян және т.б. болуы мүмкін. Ойыншықтарды іріктеудің маңызы зор. 
Динара ҮСЕНОВА
31 шілде 2025 ж. 685 0