«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Нысандарды зерделеген мониторингтік топ өкілдері анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде ретке келтіру керектігін, ерекше қажеттілігі бар жандардың кез келген жерге кедергісіз кіріп-шығуы аса маңызды мәселе екендігін айтты.
Айта кетейік, мониторинг жұмыстарына аудандық партия филиалының Төрағасы Арман Мажитов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектермен жұмыс секторының меңгерушісі және партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қ.Тұрабаев пен «Жебеуші» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Н.Исмаилов қатысты.