«ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында брифинг өтті
2021 жылғы 12 сәуір күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ягмусов Руслан Файзуллаұлы«Antikor Ortalygy» сервистік орталығында Шиелі аудандық білім бөлімінің басшысы мен басқа да лауазымды тұлғаларына қатысты, қылмыстық іс бойынша брифинг өткізді.
Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жалпы сомасы 300 млн.теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойыншаШиелі аудандық білім бөлімінің басшысы мен басқа да лауазымды тұлғаларына қатысты, қылмыстық іс тергелуде.
2020 жылы сәуір мен қараша айларында мектеп оқушыларын жазғы лагермен қамтылды және ыстық тамақ берілді деген желеумен жалған төлем құжаттарын пайдаланып, мемлекет қаржысын жымқырған.
Бүгінгі күні білім бөлімінің басшысы, сектор меңгерушісі мен есепшісі ұсталды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етуге жатпайды.