№45 (8859) 21

21 маусым 2025 ж.

№44 (8858) 17

17 маусым 2025 ж.

№43 (8857) 14

14 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » БЮРО ОТЫРЫСЫНДА ФРАКЦИЯ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ЖҰМЫС ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

БЮРО ОТЫРЫСЫНДА ФРАКЦИЯ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ЖҰМЫС ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ


Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың қатысуларымен аудандық партия филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Онда мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жыл басынан атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, алдағы міндеттері пысықталды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Лаура Бибасарова фракция мүшелерінің жыл басынан бері Жол картасы аясында жасалынған жұмыстар мен нақты нәтижелерін атап өтті. Атап айтқанда Қаңтар айында Әбдіғаппар, Жаманбай батыр ауылдарында дәрігерлік амбулатория ашылып ел игілігіне берілсе, Жаңарық ауылында 300 орындық мектеп іске қосылды.
• Ақпан айында Саяжай ықшам ауданында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді.
Қоғамдық қабылдаулар бойынша:
• 14 қабылдау өткізілсе, 2025 жылдың алғашқы төрт айында фракция мүшелері тарапынан барлығы 11 депутаттық сауал жолданды.
Ақпараттық жұмыс бойынша фракция мүшелерінің әлеуметтік желіге жарияланған материалдарына мониторинг жүргізілгендігін де атап өтті.

Жиын барысында сөз алған партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов партияның облыстық филиалымен фракция мүшелерінің жұмысына жүргізілген мониторинг қорытындысымен таныстырып, фракция мүшелерінің жұмысын жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

«Депутат – халықтың талап-тілегін, күрделі мәселелерін жоғарыға жеткізіп, оның оң шешілуіне ықпал жасаушы тұлға. Депутаттық қызмет – мансап емес, ол үлкен жауапкершілік. Сондықтан әр депутат жұмыс жоспарына сәйкес жүйелі жұмыс жүргізуі қажет. Оның ішінде халық алдында есеп беріп, бастауыш партия ұйымдарында кездесулер өткізу, партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуына бақылау жасау, жеке қабылдаулар өткізіп, сайлаушылар өтініштерінің оң шешілуіне ықпал ету, депутаттық сауалдар, атқарылған жұмыстарды БАҚ пен әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттап отыру мәселелері күн тәртібінен түспеу керек. Сәйкесінше әр тоқсан сайын мәслихаттағы фракцияда, жарты жылда бір рет Саяси кеңес бюросында депутаттардың атқарған жұмыстарының есебі тыңдалуы керек»,- деді Алмасбек Есмаханов.

Жиын барысында айтылған ұсыныстар мен сын - ескертпелер хаттамаланып, жұмыс барысында ескерілетін болды.
28 мамыр 2025 ж. 42 0