Обьектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны беру тәртібі?

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (СЭҚ) – бұл объектінің санитариялық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге сәйкестігін растайтын рұқсат құжаты. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (СЭҚ) көптеген қызмет түрлері үшін қажетті маңызды құжат болып табылады. Оны санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары тиісті сараптама жүргізгеннен кейін береді және объектінің немесе қызметтің адамдардың денсаулығына қауіп төндірмейтініне көз жеткізуге мүмкіндік береді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келетін эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге ғана беріледі.
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығын зерделеу арқылы объектінің жоғары эпидемиялық маңыздылығын айқындауға болады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығында (бұдан әрі - Бұйрық) эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі қарастырылған.
Бұйрыққа сәйкес «Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – объектінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны ресімдеу жөніндегі әкімшілік рәсімдердің (іс-қимылдардың) тәртібі:
1)өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қабылдау және тіркеу;
2)өтініш берушінің мемлекеттік қызмет көрсету туралы сұрау салудың орындалу барысы туралы мәліметтерді алуы;
3)мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын органдарға (ұйымдарға) ведомствоаралық сұрау салуларды қалыптастыру және жіберу;
4)жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың, тергеулердің, зерттеп-қараулардың, зерттеулердің, сынақтардың және бағалаудың өзге де түрлерінің нәтижелеріне сараптама жасау;
5)санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру туралы шешім қабылдау;
6)өтініш берушінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуы.
Портал тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан мемлекеттік қызметті алуға өтінішті кез келген ыңғайлы уақытта беруге болады. Осы кезеңде көрсетілетін қызметті алушы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулердің (сынақтардың) тізбесі көрсетілген бұйрықтың 8-қосымшасына назар аударып, зерделеуі қажет. Осы зерттеулер мен өлшеулерді аккредиттелген зертханалар базасында жүргізу қажет. Аккредиттелген зертханалардың тізімін Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтынан «Сынақ зертханаларының бірыңғай тізілімінен» табуға болады. Егер көрсетілетін қызметті алушыда аккредиттелген зертханалар жүргізген зертханалық зерттеулер мен аспаптық өлшеулердің бұрын алынған хаттамалары болса, онда осы зерттеу хаттамаларының қолданылу мерзімі 1 жыл, өлшеулер – 3 жылды құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайтынын және көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберетінін атап өткен жөн.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар сәйкес келген жағдайда санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін ресімдей отырып, объектіні тексеру жүзеге асырылады. Объект мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесі құжаттарының талаптарына сәйкес келген кезде санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімделеді және беріледі.
Егер объект санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмесе, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту дайындалады және көрсетілетін қызметті алушы осындай алдын ала шешім туралы алдын ала хабардар етіледі. Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беріледі. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы көрсетілетін қызмет мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушының хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде негіздеме беруге және алдын ала шешімге қарсылық білдіруге мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жібереді.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі шағымды ол мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жүгінген органға, жоғары тұрған әкімшілік органға немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға тікелей беруге құқығы бар. Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Құжатта қателер (теру қателері) анықталған, жеке кәсіпкер қайта тіркелген (атауын немесе заңды мекенжайын өзгерту), заңды тұлғаның, өнімді дайындаушының атауын немесе орналасқан жерін, объектінің орналасқан жерінің мекенжайын оның физикалық орын ауыстыруынсыз өзгерткен кезде қосымша немесе қайталама зерттеулер жүргізбестен санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуге жол беріледі.
СЭҚ болмағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 463-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Ж.Нұрсұлтанова,
Жанқорған аудандық СЭББ басшы орынбасары
Жанқорған аудандық СЭББ басшы орынбасары