Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » МЕДИЦИНА САЛАСЫ МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ

МЕДИЦИНА САЛАСЫ МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ

Елімізде маусымның үшінші жексенбісі – Медицина қызметкерлері күні. Бұл күн елімізде 1998 жылдан бері атап өтіліп келеді. Осы кәсіби мерекеге орай бүгін «АМАNАТ» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы жанындағы "Санатория Жаңақорған" БПҰ -ның ұйымдастыруымен аудандық орталық емханада қоғам саулығы үшін жауапты міндет арқалаған ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетілді.
Іс-шараға денсаулық сақтау саласының мамандары, ардагер дәрігерлер, мейірбикелер мен сала үздіктері қатысты.
Шара барысында үздік медицина қызметкерлері аудандық орталық аурухана бас дәрігері М.Ршымбетовтың және аудандық партия филиалы төрағасы Арман Абілпеисұлының алғыс хаттарымен марапатталып, естелік сыйлықтары табысталды. Сонымен қатар дәрігерлік салада 40 жылдан астам жұмыс жасап, бейнетінің зейнетін көрер жасқа келіп, зейнеткерлікке шыққан бірқатар ардагерлерге арнайы Адресат пен кәде сыйлар табысталды.
16 маусым 2025 ж. 172 0