№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

№39 (8853) 27

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Бүгін аудан әкімі Мажит Самитов Аққорған ауылдық округіне жасаған жұмыс сапары барысында аяқ су мәселесін пысықтады.

Бүгін аудан әкімі Мажит Самитов Аққорған ауылдық округіне жасаған жұмыс сапары барысында аяқ су мәселесін пысықтады.

Негізінен елді мекеннің аяқ суын қамтуға Р-16-1, Р-16-2,және Р-16-3 каналдары жатады. Бұл су нысандары "Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу" басқармасына қарасты "Арна" шаруашылық жүргізу құқығындағы мекемесінің теңгерімінде.
Р-16-3 каналы 2021 жылы тазаланған. Ал қалған екі каналды тазалау жұмыстары келесі 2026 жылдың еншісіне қалдырылып отыр.
Аудан басшысы елді мекеннің аяқ суына байланысты туындаған мәселелерді толық аралап, канал бойындағы су қарқыны азаю сәтіне де К-1 су қашыртқы каналына резерв насос қойылғандығын тұрғындарға түсіндірді.
Сондай ақ, аудан әкімі көше бойындағы аяқ су арықтары мен лотокторды тазалау жұмыстарына да тұрғындарды ұйымдастыру қажеттігі жөнінде ауыл әкіміне тапсырмалар берді.
Бұдан бөлек аудан басшысы Р-11 каналына су қашыртқысынан қайта су айдау үдерісі үшін күріш егістігінің басына қойылған электрлі насоспен танысты .
Бұл насостар шілде айының соңына қарай орын алатын су азаю мерзімдерінде қосымша су беру үшін іске қосылатындығы нақтыланды.
Аудан әкімі осы жүйені күріш егістігімен айналысатын барлық ауылдық округтерде қолдану қажеттігі туралы ауданның ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне тапсырды.
31 мамыр 2025 ж. 197 0