№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

№39 (8853) 27

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Құрмет төріне шықты

Құрмет төріне шықты


Жаңақорған жері өзінің адалдығымен, ризығымен ел құрметіне бөленіп алғыс алған текті тұлғаларға бай мекен. Бүгін осындай тұлғалардың бірі де бірегейі – Жаңақорған кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы, үшінші дәрежелі “Еңбек даңқы” ордені мен “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері, “Қазақстанның Құрметті құрылысшысы” төсбелгісінің иесі, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, еңбек жолында қарапайым жұмысшыдан бастап аудан әкімінің орынбасарына дейінгі сан түрлі қызметті абыроймен атқарған, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан Серқожа Ыдырысұлын 70 жасқа толуына орай аудан басшысы Мажит Самитұлы арнайы қабылдады.

Қабылдауда елдің құрметті ағалары, кезінде бірге қызмет атқарған әріптестері бірге болды. Алдымен облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының арнайы құттықтау хатын оқып берді. Онда былай делінген: Құрметті Серқожа Ыдырысұлы! Сізді мерейлі 70 жасқа толған туған күніңізбен құттықтаймын. Сіз тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне оның ішінде Сыр елінің дамуына мол үлес қостыңыз. Қоғам сізге іскер, білікті, пайым-парасаты жоғары азамат ретінде құрметпен қарайды. Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары, кеңесші болған уақытта әрбір мәселеге байыппен қарап, ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруға елеулі еңбек еттіңіз. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бар күш-жігеріңізді жұмсап, адал еңбектің үлгісін көрсеттіңіз. Мемлекет мүддесін бәрінен жоғары қойып, елге қызмет етудегі ерен еңбегіңіз жастарға бағыт-бағдар беруде. Алдағы уақытта ұл-қыздарыңызбен бірге жақсылықтың ортасында ұзақ ғұмыр кеше бергейсіз. Сізге мықты денсаулық отбасыңызға бақ-береке, ырыс несібе тілеймін”.
Мерейтой иесіне аудан әкімі Мажит Самитұлының лебізі төмендегіше өрілді:
– Саналы ғұмырын ауданымыздың әлеуметтік экономикалық, мәдени рухани дамуына арнаған, елдің қошеметіне бөленген өздеріңіздей ағаларымызды ардақтап, лайықты құрмет көрсету – міндетіміз. Сізді жерлестеріміздің және өзімнің атымнан мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Ақыл-парасат, даналық пен даралық секілді өнегеңіз ұрпаққа үлгі, ұлтқа ұлағат болсын. Өңір халқы сізді маңызды мемлекеттік қызметті абыроймен атқарған білікті басшы ретінде таниды. Қиындықтарға қарамастан елдің жарқын болашағы үшін тынбай еңбектеніп келесіз. Сіздің қажырлы еңбегіңіз бен жетістігіңіз қызмет барысында көтерген байыпты бастамаларыңыз, сан салалы қызметте жинаған мол тәжірибеңіз кейінгі ұрпақ үшін үлгі. Мәнді де мағыналы ғұмыр кешіп, абыройға бөленген аға буын ішінде өзіңіздің тұлғалық келбетіңіз бен адами болмысыңыз ерекше. Әлі де осындай қадір-қасиетіңізбен туған халқыңызбен бірге жасай беріңіз, – деді. Өз атынан Құрмет грамотасын ұсынып, иығына шапан жапты. Келесі кезекте ел ағалары Өмірсерік Тақырбасов, Алмас Нәлібаев, Сүйіндік Әбутәліповтер сөз алып, әріптестеріне өздерінің жарқын реуішті ізгі тілектерін жеткізді.

Жәмила ЕРМАХАН
27 мамыр 2025 ж. 74 0