№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елдің сенген үміті

Елдің сенген үміті


Мереке қарсаңында аудандық аурухананың зертхана бөлімінің меңгерушісі Үміт Байзақовамен жүздесудің сәті түсті.
Дәрігер-лаборант қыз бір көргеннен-ақ, жылы шырайымен, биязы мінезімен салмақты екенін аңғартты. Мұндай көркем мінез нағыз дәрігерде ғана болатын қасиет шығар сірә! Лабораториядағы жұмыстармен таныстыру үшін ең алдымен сақтақ шарасын жасап, арнайы киім кидік. Зертхананың жұмысымен танысу барысында көп нәрсені аңғардық. Үміт Аманжолқызы осы лабораторияны 22 жыл бойы басқарып келеді екен. Қарамағында 8 лаборант қызметкер бар. Өз ісінің нағыз мамандары анализ талдаудың түр-түрінен күн сайын сансыз қорытынды жасайды.
Лаборант қыздар әр талдауды жасағанда сақтық шараларын мұқият ұстайды. Себебі, түрлі науқастан алынған сұйықтықтан инфекция жұқтырып алу қаупі бар. Өздеріне ауру жұқтырып алмас үшін, бір реттік қолданылатын киімдер мен құралдар пайданылады. Гигиеналық және клиникалық тазалықты сақтайды.
Өз жұмысын жақсы білетін дәрігер-лоборант Үміт Байзақова: «Емханада білікті дәрігерлердің дұрыс жұмыс жасауына жағдай жасалған. Заманауи құралдардың арқасында түрлі ауруларды дер кезінде анықтап отыруда күн-түнмен санаспай жұмыс жасаймыз. Бізге бағыт-бағдар беріп, жұмысымызды бағалап отырған аудандық аурухана басшысы Сәулебек Ысқақовқа ризашылық білдіргім келеді» , – деді.
Қыз бала анасына қарап бой түзейді емес пе? Біздің кейіпкердің анасы Сұлукүл Бисенбекова балалар емханасында 40 жыл еңбек еткен жан. Анасының жолын қуып, дәрігер болуды армандаған қыз мектепті үздік оқыпты. Болашағына үлкен жоспар қоя білген Шымкент мемлекеттік медициналық институтында білім алған. Туған жеріне келіп, 1996 жылдан бастап осы қызметте екен. Осы еңбек жолында әріптесі Зәуре Абубакировадан көп тәжірибе алғанын айтты. Ол еңбек жолында саланың «Құрмет» грамотасы және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталыпты.
Жұмысының жауапкершілігі тым ауыр болғанына қарамастан, отбасында сүйікті жар, асыл ана. Үйдің ас-ауқаты мен бала тәрбиесін де қатар алып жүр. Үш ұл мен екі қызын тәрбиелеп, қызметте абыройлы болудың сырын бөліскен Үміт: «Мен отбасымды ең бірінші орынға қоямын. Себебі, отбасы берекелі болмай, іс мерекелі болмайды», – дейді ағынан жарыла.

Мақпал МАРҚАБАЙ.
11 маусым 2018 ж. 1 123 0