Соңғы жаңалықтар

№59 (8873) 9

09 тамыз 2025 ж.

№58 (8872) 5

05 тамыз 2025 ж.

№57 (8871) 2

02 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Әжем айтқан ертегі

Әжем айтқан ертегі


Жаңақорған аудандық балалар кітапханасы бүлдіршіндерге арналған игі жобаларды жүйелі түрде ұйымдастырып келеді. Сондай іс-шараның бірі – «Әжем айтқан ертегі» жобасы аясында өткізілген «Әжем айтқан ертегі – ізгілікті шертеді» атты ерекше ертегі-пати өтті.

Бұл жолғы ертегі кеші Жаңақорған ауданындағы «Айгөйлек» бала­бақшасында өтті. Іс-шараның басты мақсаты – балаларды ертегілер әлеміне жетелеп, олардың мазмұнын түсіне білуге, кейіпкерлерге мінездеме бере алуға, ойлау мен сөйлеу қабілеттерін дамытуға бағытталды.
Кеш барысында кітапханашы Мира Базарбайқызы балалармен жылы жүз­десіп, кітапхана қорынан арнайы таң­дап әкелген қызықты ертегі кітаптар­ын таныстырды. Ол «Мұрагер», «Ара мен Шегітке», «Шұбар тауық» сынды халық ертегілерін мәнерлеп оқып бер­ді. Балалар ертегіні қызыға таңданып, тыңдап, әр кейіпкердің қылығына бірге күліп, бірге мұңайып, кей тұста өз ойларын да қосып отырды. Кеш тек ертегі тыңдаумен ғана шектелмеді. Балалар­дың белсенділігін арттыру мақсатында «Ойлан тап», «Жұмбақты шеш» секілді қызықты ойындар ұйымдастырылды. Әр жұмбақтан кейін балалар жарыса жауап беріп, ертегі кейіпкерлері туралы ойларын ашық айтып отырды.
Сондай-ақ, «Бұл қандай кейіпкер?» ойыны барысында балалар ертегі­ден алынған кейіпкерлердің суреттерін құрастырып, олардың кім екенін табуға тырысты. Ал мұндай іс-шаралар баланың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, қиялын ұштайтын рухани бастама. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар балалардың бойына мейірімділік пен ізгілік дәнін себеді. Ертегі тыңдаған бала – ойлы бала. Ал ойлы бала – ертең елдің қамын ойлайтын тұлғаға айналары сөзсіз. Дәл осы сияқты тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да жалғасын тапса бүлдіршіндер ертегідей өмірдің жақсы тұстарын көбірек танитыны анық.
Динара ҮСЕНОВА

09 шілде 2025 ж. 819 0