Соңғы жаңалықтар

«СКЗ-U» ЖШС – Алтын жүлде иегері

05 желтоқсан 2025 ж. 1 113

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Мемлекеттік қызметшілер арасында Еріктілер науқаны өткізілді

Мемлекеттік қызметшілер арасында Еріктілер науқаны өткізілді

Еріктілердің ісі  бүкіл әлемге жылу сыйлайтын ерекше миссия, айрықша ерлік үлгісі. Еріктілердің еңбегі – тұтас қоғам үшін маңызды, пайдалы жұмыс, құрмет тұтуға лайық ізгі қадам, игілікті іс.
Осы мақсатта, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті жанынанқұрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 8-мамырындабір мезетте «Ардағым – ардагерім» және «Мейірімді еріктілер» атты науқаныөткізілді.
Науқанда мемлекеттік қызметшілермен ардагерлерді құрметтеу және жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында ерікті түрде игі істер жасалды. Атап айтқанда, Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік қызметшілері  атынан құрметті ардагерлерге салтанатты шара өткізіліп, сый-сыяпат көрсетілді.
Ал, 12 мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері тыл ардагерлері мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жұбайларына құрмет көрсетті. Сонымен қатар, 2 мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерімен ардагерлердің үйлерінің ауласында санитарлық тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, азық-түлік жиынтықтары ұсынылды.
Мұндай үлгі тұтарлық игі шараның басты шарты – жас­тар тәрбиесінде атқарылып жатқан жұмысты жандандыру, елімізде салауатты өмір салтын жақсарта түсуге үлес қосу болып табылады.Алдағы уақытта осындай науқандар жалғасын тауып, мемлекеттік қызметшілер еріктілер ісіне өз үлестерін қоса беретін болады.


 Қазақстан Республикасы
 Мемлекеттік қызмет істері
 агенттігінің Қызылорда облысы                                                                                           бойынша департаментінің                                                            
мемлекеттік  қызмет                                                                  
саласындағы бақылау                                                                                 
басқармасының бас маманы
Хожбанова Әлия Сатыбалдықызы
16 мамыр 2025 ж. 177 0