№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Еріктілер азаматтардың онлайн қызмет алуына көмектесуде

Еріктілер азаматтардың онлайн қызмет алуына көмектесуде

Мемлекет басшысы биылғы жылды «Еріктілер жылы» деп жариялағаны баршамызға белгілі. Ел Президентінің бұл бастамасы түрлі салаларда қолдау табуда.
Қызылорда облысында мемлекеттік қызметтерді цифрлық нысанда пайдалану дағдыларына 20-дан астам ерікті оқытылып, бүгінгі таңда өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында келушілерге көмек көрсетілуде.
Аталмыш бастама «Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жоба ұйымдастырушылары - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және БҰҰ Қазақстандағы даму бағдарламасы.
Маусым айынан бастап, еріктілер, тұрғындарға электронды үкімет порталын пайдалану және мемлекеттік қызметтерді алуға онлайн тапсырыстар беру, Телеграмм желісінде қызметтер алу, кезекті алдын ала брондау жолдарын үйретуде.
Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті еріктілерге арнайы кепкалар, бейдждар және қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында бетперделер таратылды.
Еріктілік практиканың ұзақтығы 6 айды құрайды. Тәжірибе сәтті аяқталғандарға ұйымдастырушылардан сертификат берілетін болады.
Айта кету керек, аймақтағы қызмет беруші мекемелер тарапынан 2020 жылдың 1-тоқсанында 881103 қызмет көрсетілген. Оның 86 пайызы электронды түрде көрсетілген. Электронды түрде қызметтер алу үлесі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,1 пайызға артқан.
ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша
департаментінің баспасөз қызметі
09 маусым 2020 ж. 646 0