«БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН БАСҚАРУДЫҢ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ.

Тексеру комиссиясымен ұйымдастырылған конференцияның негізгі мақсаты мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қаржылық бұзушылықтардың алдын-алу, қаржылық тәртіпті нығайту, бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.
Конференцияға облыстық қаржылық бақылау органдарының, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының өкілдері және Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының, аудандық бөлімдердің, ауылдық округтердің, кенттердің, мәдениет үйлері мен клубтардың басшылары мен есепшілері, сонымен қатар, ауданның аумағында орналасқан бюджеттік ұйымдардың (білім бөлімі, мектептер, балабақшалар, орталық аурухана, спорт мекемелері) басшылары мен қаржы жөніндегі жауапты мамандар қатысты.
Бекітілген күн тәртібіне сәйкес Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының бөлім басшысы С.Қармыс Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасының шағымдарды қарау бөлімінің бас маманы Е.Баков, Қызылорда облысының Ішкі аудит департаментінің бас маманы Ә.Ұзақбаев, баяндама жасап, есепшілер тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға баяндамашылар тарапынан нақты жауаптар берілді.