Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫС АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫС АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, қала әкімі Қызылорда қаласындағы құрылыс нысандарын аралады. Мәслихат төрағасы да нысандардағы жұмыс барысын көріп шықты.
Алдымен физика-математика мектеп-интернатына барды. Мұнда ішкі әрлеу жұмыстары бітуге жақын. Қазіргі таңда техникамен жабдықталып, аумағы абаттандырылуда. Құрылыс басында 150 жұмысшы және 20 арнайы техника жұмылдырылған.
Одан кейін Сырдария өзенінің сол жағалауындағы тарихи-мәдени мұра орталығының құрылысын көрді. Нысанда жер қазу, іргетас құю, кірпіш қалау, шатыр жабыны толық аяқталған. Ішкі және сыртқы әрлеу, инженерлік жүйелерді және техникалық жабдықтарды орнату кестеге сәйкес орындалуда.
Әрі қарай музыкалық колледждің құрылыс алаңындағы жұмыс қарқынын бағамдады. Бүгінде жер жұмыстары, іргетас құю, кірпіш қалау бітіп, витраж орнатылған, су, кәріз, газ, электр желілерімен қамтамасыз етілуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
06 мамыр 2025 ж. 318 0