№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласының құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын тексерді. Алдымен меценат «Болат Өтемұратов қоры» демеушілігімен салынған жаңа әуежай терминалының айналасын абаттандыруды, кіреберіс жол құрылысын көрді.

Жергілікті әкімдік нысанға инфрақұрылым жүргізуде. Ұзындығы 13,5 шақырым, ені 14 метр жолды мердігер «Қыран» ЖШС қайта жаңғыртуда. Жол бойына 848 жарықшам орнатылады. Қазір 3,3 шақырым асфальт төселіп, электр желісі тартылуда.

Бүгінде жаңа жылу-электр орталығының құрылыс алаңында 600-ге жуық адам және 60 техника жұмыс жасауда. Нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі. «AKSA Energy» түрік компаниясының инвестициясы тартылған жаңа ЖЭО 240МВт электр қуатын өндіре алады.

Мұнан әрі облыс әкімі сол жағалаудағы жайлы мектеп құрылысын көрді. 900 орындық мектеп өткен жылы басталған, биыл пайдалануға беріледі.

Жалпы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен облыста 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу жоспарланған. Биыл 6 900 орындық 10 мектеп, алдағы жылы 5 400 орындық 11 мектеп пайдалануға беріледі. Облыс әкімдігі оларға инфрақұрылым жеткізуге жергілікті бюджеттен 118,4 млн. теңге бөліп, жоба-сметалық құжаттары әзірленді, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Инфрақұрылым жүргізуге жергілікті бюджеттен 1,7 млрд. теңге бөлінді. Биыл құрылысы басталатын 11 мектептің жер телімдері белгіленіп, «Самұрық-Қазына Констракшн» акционерлік қоғамына наурыз айында табысталды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
22 тамыз 2024 ж. 417 0