Иммундау апталығы

2025 жылдың 27-сәуірінен бастап 3 мамыр аралығындаДүниежүзілік денсаулық сактау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасында «Барлығы үшін иммундау – адамның қолынан келеді» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өтуде.
Иммундау апталығы бір мезгілде барлық елдерде өткізіледі. Дүниежүзілік денсаулық, сақтау ұйымы аталған іс шараны 2005 жылдан бастап жүргізіп келеді, шараның негізгі міндеті - тұрғындардың назарын иммундаудың мәселелеріне аудару.
Иммундау апталығы жыл сайын сәуірдің соныңда тұрғындарды иммундаудың маңыздылығы жөнінде хабардар ету, вакциналардың тиімділігі бойынша білімдерін жоғарлату мақсатымен өткізіледі.
Бұл науқан халықтың жұқпалы аурулардың вакцинопрофилактикасына оң көзқарасын қалыптастыруға, вакцинациядан бас тарту мәселесіне назар аударуға, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтау, өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін иммундаудың маңыздылығы туралы халықтың хабардарлық деңгейін арттыруға бағытталған.
Иммундау жыл сайын миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалады және бұл жағдайды сақтап қалу қажет. Аталған науқанды өткізуге денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары тартылады.
Балаларын иммундаудан бас тартқан ата-аналармен, халықтың қол жеткізу қиын топтарымен жұмыс істеуге, білім беру мекемелерінде иммундауды насихаттауға ерекше назар аударылады.
Адамдарды амбулаториялық - емханалық ұйымдарға шақырумен, жұқпалы ауруларға қарсы егуге жататын халыққа иммундауды белсенді жүргізу ұйымдастырылуда.
Еуропалық иммундау апталығының түпкі мақсаты - көптеген адамдар мен қоғамды вакциналар арқылы алдын алуға болатын аурулардан қорғау және ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы вакцинамен басқарылатын жұқпалы ауруларға қарсы күресу.
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы аудандық емдеу орындарымен бірлесіп Еуропалық иммундау апталығының іс-шаралары ұйымдастырылуда.
Егудің арқасында Қазақстанда 1996 жылдан бастап полиомиелит, 2009 жылдан бастап дифтерия тіркелмеген. Эпидпаротитпен сырқаттанушылық 100 еседен астам, А гепатиті — 32 есе, В гепатиті — 92 есе, қызамық — 2000 еседен астам төмендеді. "Бүгінгі таңда иммундау бағдарламасы 21 инфекциядан қорғауды қамтиды.
2024 жылдан бастап Ұлттық күнтізбеге 11-13 жас аралығындағы қыздарға арналған АПВ-ға қарсы вакцинациялау қосылды. Қазіргі уақытта ауданда бір дозамен 11-13 жастағы 1003 қыз, екі дозамен 6 ай аралықпен - 215 қыз егілді.
Иммундау халықтың барлық топтары үшін қолжетімді және тегін!!!
Ш.Айдарова,
Жаңақорған аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
Жаңақорған аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы