№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жұқпалы ауруларға қарсы иммундау жұмысы жайлы!

Жұқпалы ауруларға қарсы иммундау жұмысы жайлы!

Қазіргі кезде екпе егу қаншалықты адам денсаулығына пайдалы деген сұрақ үлкен мәселеге айналып отыр. Өйткені, соңғы жылдары жаңа туылған нәрестеге екпе егуге қарсылық білдіріп жүргендер арамызда кездеседі. Басым көпшілігі қызуы көтеріліп, мазасызданғандықтан денсаулыққа зиян дегенді алға тартады. Себебі, екпенің түрлі аурудың алдын алатынын дамыған елдердің медицинасы әлдеқашан дәлелдеп қойған.

Бүгінде жер шарында екпе арқылы миллиондаған бала өлімнен, мүгедектіктен аман қалуда. Жұқпалы ауруларға қарсы екпенің қажеттілігі болмаса, қолданысқа енбес еді.
Қауіпті дерттерге қарсы екпе егу жұмыстары әлемдік тәжірибеге еніп отыр. Осыған орай, сәби өмірге келген сәттен бастап белгілі мерзім ішінде түрлі аурулардың алдын алу, жұқпалы дерттерден сақтануды қамтамасыз ету үшін иммундау шаралары қолға алынды. Оның пайдасы мен қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары әлі де жүргізіліп келеді. Елімізде иммундау шаралары баланың жарық дүние есігін ашқан сәтінен бастап 6 жасқа толғанға дейін кестеге сай жүргізіледі. Ата-анасының рұқсатынсыз балаға екпе салынбайды. Екпені алдын ала арнайы оқытылған медициналық маман тек жұқпалы ауруларға қарсы жүргізуге рұқсат берілген егу бөлмелерінде жүргізеді. Бүгінде пайдаланылып отырған екпе – белгілі бір жұқпалы аурулардың өлі немесе әлсіретілген қоздырғыш микроорганизмдерінен жасалған препарат екенін тағы да нақтылаймыз. Олардың шығарылу тәртібіне қатаң талап қойылып, оның зиянсыздығына, қауіпсіздігіне және тиімділігіне зертханалық, клиникалық тексерулер өткізіледі.
Елімізде жұқпалы аурудың 16 түріне  атап айтқанда: қызылша, қызамық, шошқа мойын, вирусты гепатит А, вирусты В гепатитіне қарсы, құрөзек, сіріспе, көкжөтел, сал ауруы, гемофильді инфекция, пневмококкты инфекция, тұмау, құтыру, туберкуллез, оба, іш сүзегіне қарсы екпелер тегін жүргізіліп келеді, биылғы 2024жылдық қыркүйек айынан бастап (АПВ) адам папиломасы вирусына қарсы екпесі қосылып, жұқпалы аурулардың 17 түріне Ұлттық күнтізбесіне ендірілді. Дүние жүзі бойынша осы жұқпалы аурулардың кесірінен мыңдаған адамдар көз жұмады екен.
Дана халқымыз «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағиданы берік ұстанған, халық денсаулығы – ұлт байлығы. Ал, халық өз денсаулығына салғырттық танытпауы қажет. Сонда ғана дені сау ұрпақ қалыптасады. Балаларыңыздың уақытылы кестеге сәйкес жұқпалы ауруларға қарсы екпе алуын қадағалаңыздар.

Р.Ахметова,
Жаңақорған аудандық СЭББ бас маманы
22 тамыз 2024 ж. 551 0